“Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры айына 4 миллион теңге жалақы алып келген
Ақтөбеде облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов ұсталды. Ол "Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы бас директоры Васильев ісіне қатысы бар деп айыпталуда.
Фото: Today.kz
Бұл туралы "Диапазон" хабарлайды. Тергеу дерегі бойынша, Маханов бөлінген 240 миллион сыйақыға қатысы бар көрінеді. Сонымен қатар, Маханов Дмитрий Васильевты заңсыз келісім-шартпен клубқа бас директор етіп тағайындап, оған айына төрт миллион теңге жалақы қойған. Бұл заңды түрде клуб басшысы алуы керек жалақыдан бірнеше есеге асып кеткен. Келісім-шарттың заңсыздығы жайында тергеу мынадай анықтама беруде: Махановта директорлар кеңесі немесе "Ақтөбе" клубының жалғыз акционерінің келісімінсіз шарт жасау құқығы болмаған. Еске сала кетсек, 46 жастағы Дмитрий Васильев 8 қараша күні ұсталған болатын. Оны бюджет қаржысын жымқырды деп айыптауда. "Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы басшысы 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқи отырыңыз: Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео) Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып бердіТалқылау