Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шығын 250 миллион теңге: "Ақтөбе" клубының қызметкерлері ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаржыны өз қажетіне жұмсаған

Фото: steamcommunity.com

Облыс прокуратурасы "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметіне тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тексеру нәтижесінде Ақтөбе футбол клубынан 250 миллион теңге көлемінде қаржылай заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау деректері бар. 



“Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы (Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданыпты. Істің тергелуі Ақтөбе облыстық пркуратурасының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін “Атырау” футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында келесі аптада клубтан кету туралы талқылау процесін бастауды жоспарлап отырғанын хабарлағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 11:56
Талқылау