Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әкімінің орынбасары алғаш рет 42 жасында ана болды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева 42 жасында алғашқы баласын өмірге алып келді. Сәби 1 сәуір күні дүние есігін ашқан.

photo_181784

Сурет rikatv.kz

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

Бала 4 келі 500 грамм болып туған. Бұл жайлы шенеуніктің әпкесі Дина Арынғазиева Фейсбуктағы парақшасында жазды.

“Ғажайыпқа сенесіздер ме? Мен енді ғажайыптың өмірде бар екеніне сенемін. Біздің үлкен отбасымыз тағы бір адаммен толығып жатыр. Бақыттан басым айналып тұр”, – деп жазады.

5 сәуір күні ана сәбиімен үйге шыққан. Есімін Дидар деп қойыпты.

Талқылау