Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Үсіпхан Сейтімбет дүниеден озды

Қазақстандық танымал актер, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.facebook.com/teatr.musrepov/posts

Өнер иесінің қазасын Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Желтоқсан көтерілісінің" қаһарманы, "Құрмет" орденінің иегері, актер Үсіпхан Әбдікерімұлының қазасына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын. Жақындары мен отбасының және қызмет еткен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ауыр қайғысына ортақпыз", – делінген ресми хабарламада. 



Сондай-ақ театр тарланының өнердегі жолынан да естелік жазба жариялады. 

Талантты артист 1990 жылы театрымыздың актерлік құрамына қабылданып, С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншегінде" Абдолла, "Қыз жиырмаға толғанда" драмасында Есімсейіт, Д.Исабековтің "Анасын аңсаған қызында" Смат рөлін сомдап, өнер ошағында 1999 жылға дейін қызмет етті”, – деп жазды театр ұжымы. 

Талқылау