Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Нұртас Адамбайға желіде Құраннан үзінді жариялағаны үшін айыппұл салынды

Актер Нұртас Адамбай желіде Құранды тәпсірлегені үшін жаза арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nurtasadambay Instagram-парақшасы

Астана соты танымал актер Нұртас Адамбайға Instagram желісінде Құраннан үзінді келтіргені үшін айыппұл салды.
Тамызда оны дін істері басқармасы сотқа берген.

"Астана қаласының дін істері басқармасы Instagram парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", – деп жазды ол.

Ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ актер мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны сотқа шақыруды сұрады.

"Нұртас Адамбай  сотта жеңіліп қалды. Тамыздың аяғында бұл белгілі болды. Бұрынғы КВН мүшесі және актер діни материалдарды таратқаны үшінжеліде Құран сүрелерін/аяттарын келтіргені үшін 184 600 теңге айыппұл төледі. Бұл тек заңда көрсетілген жерлерде ғана жасалуы тиіс. Сондай-ақ ол мәдениет және ақпарат министрін, яғни Аида Балаеваны, тым болмаса оның орынбасарын сотқа шақыруды өтінді, бірақ оған бас тартылды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Нұртас Адамбай желіде өзінің не үшін сотқа тартылғанын түсіндірді.

Талқылау