Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Алек Болдуин әйелдерді зорлағаны үшін кешірім сұрады

Америкалық актер әрі режиссер Алек Болдуин «Пейли» медиа орталығында өткен іс-шарада әйелдерден кешірім сұрады.

«Мен әйелдерді қорладым, кемсіттім, бағаламадым. Кейде өзге еркектердің әйелдерге жасаған әрекетін қайталадым. Бұл дегеніміз әйелдерді еркектерден төмен санап, басқаша қарым-қатынаста болу», – дейді Болдуин.

Актер әйелдерге деген мұндай қарым-қатынас қалыпты саналатын қоғамда өскенін айтты. Десе де ол аталған жағдайдың өзгергенін қалайды. Болдуинның айтуынша, әйелдердің зорлық-зомбылықты бастан кешуіне қатысты бірнеше жағдайды білген, бірақ зорлық құрбаны болғанын жариялайтын әйелдер санының мұншалықты көп екенін ойына да алмаған.

Кейбір желі қолданушылары актердің сөзіне сенім білдірмейтінін жеткізіп жатты. Көбі актерді тағы бір әйелді зорлаған деп күмәнданып, кезекті құрбаны көрген қорлығын жарияламас бұрын кешірім сұрап үлгермек болғанын айтуда.

Қазан айында оннан астам әйел голливудтық продюсер Харви Вайнштейннің өздерін зорламақ болғанын айтқан еді. Олардың қатарында Кара Делевинь, Леа Сейду және Анджелина Джоли бар. Мұнан кейін көптеген голиивудтық танымал әйелдер мен әншілер көрген зорлықтары туралы айта бастады.

Алек Болдуин «Перл Харбор», «Менің қорғаушы періштем», «Ток-радио», «Жолдан тайғандар» сынды фильмдерде рөл сомдаған. Актер қыркүйек айында «Комедиялық сериалдың екінші планындағы үздік актер» номинациясында «Эмми» премиясын алған.

Оқи отырыңыз:

«Қыз Жібек» фильмі туралы 20 дерек

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаев көкемнің көзіне түспегенде, болашағым қалай болатынын білмеймін

Сәкен Майғазиев әйелдерін құрметтемей, сараңдық танытатын ерлерді сынап тастады

Той жасаудың қиындығын түсінген Арман мен Аша әріптестерінен кешірім сұрады (фото)

Талқылау