Ақтаулықтар жаппай жарықсыз қалды: Мамандар себебін түсіндірді
Ақтауда электр қуатының жаппай үзілуін коммуналдық қызметкерлер "МАЭК желісінен" туындаған мәселе деп түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ақтаудың барлық ауданында жарық өшті.
Ақтау электр желілері басқармасы МАЭК қалпына келтіру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.
Маңғыстау атом электр станциясында мамандар апат орнын іздеп жатқанын, электр желісіндегі ақаулардың себебі Ақтаудағы қатты жел болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Компания қалада электр қуатын беруді қалпына келтіру басталып кеткенін атап өтіп, ресми хабарлама беруге уәде берді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі