Ақтаулық қазына іздеушіге жерасты мешінітің құдығын зерттеуге тыйым салынды
Ақтаулық қазына іздеушіге Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында орналасқан жерасты Шопан ата мешітінің құдығын зерттеуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Instagram желісіндегі "Маңғыстаудың қазына іздеушілері" парақшасының авторы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы аумағындағы Шопан ата мәдени-мемориалдық ескерткіш аумағындағы құдықты іздеу магнитімен тексермек болған. Оны зерттеуге рұқсат алу үшін үндеу жазды.
Алайда ол Шопан ата жерасты мешітінің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілгені туралы ресми жауап алған. Оны ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
“Құдықта шелектердің және басқа заттардың бар-жоғын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек. Өйткені кез келген әрекет тарихи-мәдени мұра объектісінің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жұмысты тек лицензиясы бар мекемелер жүзеге асыра алады. Ал басқа тұлғалар жауапқа тартылады", – делінген жауапта.
Қазына іздеуші Балуанияз Мүсірепұлы кесенесіндегі құдықты да нысанның республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енуіне байланысты зерттей алмаған.
оның айтуынша, 1856 жылы осы жерде (Қараған-Босаға шайқасы – шамамен) 200 түрікмен мен 60 адайдың арасында қанды шайқас болған. Бұл шайқаста атақты халық батыры Балуанияз Мүсірепұлы қаза тапқан. Десе де адайлар бұл шайқаста жауға тосқауыл беріп, жеңіп шыққан.