Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық "Каспий" клубының экс-басшысы қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Фото: kff.kz

Ақтауда футбол қаржысына байланысты шу болған сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл іске басты күдікті ретінде "Каспий" футбол клубының бұрынғы директоры Ержан Жамбыров тартылды.

Онымен бірге айыпталушылар орындығында үш серіктесі отырды: Сәкен Смағұл, Асқын Қауымбаев және Мейрам Оразұлы.

Бұл оқиғада клубтың менеджері Данияр Боранбаев та маңызды рөл атқарды. Бастапқыда ол серіктес ретінде тергеуге алынса, кейін жәбірленуші ретінде танылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін Жамбыров "Каспий" футбол клубының есепшотынан Боранбаевтың жеке шотына ешқандай негізсіз 20 279 100 теңге аударған.

Іс материалдарына сәйкес, бұл соманың 11,9 миллион теңгесін Жамбыров өзі иемденген, ал қалған 8,37 миллион теңге Боранбаевтың қолына тиген.

Күдіктілер бұл қылмысты әдейі ұйымдастырған. Олар жалған құжаттар жасап, жалған келісімшарттар рәсімдеп, тіпті, жоқ қызмет жеткізушіні ойлап тапқан. Жамбыров пен Боранбаевтың арақатынасы бір ғана алаяқтықпен шектелмей, әлдеқайда күрделі болғаны белгілі болды.

Сот үкімі бойынша үш сыбайластың әрқайсысы 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал футбол клубының бұрынғы директоры Ержан Жамбыров 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 10:31
Талқылау