Ақтаулық атышулы блогер екінші рет ана болды

Танымал ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова ұлды болғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
“11.12.2025 жылы сағат 10:45-те дүние есігін ашқан ұлым. 3 келі 100 грамм болдық. Бойымыз 52 сантиметр. Шүкір, қалағанымдай жеңіл босандым. Толғақты айта алмадым, әрине. Бірақ, ешқандай денсаулыққа зиян немесе ауыртпашылық әкелетін процестер болмады. 3 сағатта туып алдым. Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет. Бізде шүкір бәрі жақсы”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары ананы құттықтап, жылы лебіз білдіріп жатыр.
“Жүрегім, Алла тек бердім деп берсін. Бауы берік болсын. Несібелі, қайырымды, саналы болсын”, “Бізге де жүғысты болсын”, “Бауы берік болсын. Жаным, Салтош аман-есен жаныңның қалуымен! Батырың көз қуанышың болып өсе берсін, үлкен ел сыйлайтын, сіздерге қорған болар азамат болсын!”, “Жаным, бауы берік болсын. Ғұмырлы сәби болсын!” – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогер ұтыс ойнату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді