Қозғалтқыш істен шықты: Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды
Air Astana әуе компаниясының Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты әуежайға оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/PR_AirAstana
Әуе тасымалының баспасөз қызметі ұшақты қозғалтқыштағы ақауға байланысты әуежайға қайта қонғанын растады.
Әлеуметтік желіде Air Astana-ның Ақтаудан ұшқан ұшағының 20 минуттан кейін "қозғалтқышы істен шықты" деген ақпарат пайда болды.
“Кабинадағы электр жарығы өшіп, сұмдық гуіл мен күйік иісі шықты. Борт серіктер айтарлықтай қобалжыды, ары-бері жүгіріп жүрді. Бірақ адамдар сабыр сақтап, тыныш отырды. Бір-біріне қарап, не болып жатқанын түсінбеді”, – деп жазды желі қолданушысы.
Оның сөзінше, экипаж командирі қозғалтқыштың істен шыққанын және Ақтауға қайта қонатынын хабарлаған.
“Ұшақ күрт төмендеп дірілдей бастады. Жылдамдық пен биіктік төмендеді. Алайда біз әуежайдан алыс едік. Бірде сықырлаған дыбыс шықты. Бірі дұға оқыды, енді бірі жаман ойдан арылуды ойлап жай ғана отырды. Жерге қонғанда отырғандар көзіне жас алып, жеңілденді”, – делінген жазбада.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 2025 жылы 8 наурыз күні Ақтау-Алматы бағытында ұшқан КС 868 рейсі ұшып, әуежайға қайта оралды.
“Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге қалыпты процедураларға сәйкес қозғалтқышты өшіріп, жауап берді. Ұшақ Ақтауға қауіпсіз қонды. Жолаушылар резервтік ұшақпен компаниялар тобына жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Орал-Астана бағытындағы ұшақтың құстармен соқтығысқаны туралы жазған едік.