Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Министрлік мәліметінше, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 пациент ем қабылдауда, оның төртеуі жансақтау бөлімінде болса, екеуі травматология бөлімінде. Жағдайдың нашарлауы байқалмайды.
“Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен 3 зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталуда, оның ішінде 2 тасымалданатын, 1 - ауыр жағдайда, ӨЖЖ аппаратында жатыр. Әзірбайжандық екі пациентті эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарлануда”, – делінген хабарламада.
-
Ұшақ апатынан аман қалған Әзірбайжан азаматы қазақстандық дәрігерлерге алғысын айтты
Сондай-ақ министрлік екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам қазақстандық 800 литр қан тапсырғанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне көмектескен, қайғылы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруға қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.