Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы сауда орталығында жасөспірім қызды соққыға жыққан (видео)

Ақтаудағы сауда орталығында жасөспірім қызды соққыға жыққанВидеодан скрин 

Желіде Ақтаудағы сауда орталықтарының бірінде жасөспірімнің қызды соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысқан екі жасөспірім де полиция бөліміне жеткізілген. Жасөспірімдер мен ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


"Тепкілеп, үстіне секірген": Атырауда екі ер адам жігітті соққыға жығып, ақша талап еткен (видео)


"Оқиғаға қатысты материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға қарау және тиісті шара қабылдау үшін жолданды", – деп мәлімдеді полиция департаментінде.

Жасөспірім профилактикалық есепке алынды, ал оның анасы ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда кезекке таласқан әйел 13 жастағы қызды соққыға жыққанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 19:02