Ақтауда жол қозғалысын реттеген курьерге 40 мың теңге айыппұл салынды

Фото: Видеодан скрин
Ақтауда бағдаршам істемей қалып, тамақ жеткізіп жүрген курьер жол қозғалысын реттеуге кіріскен. Бұл үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қолына сары шар ұстаған жігіт көшенің ортасына шығып, көліктерге бағыт көрсеткен. Азаматтың бұл әрекеті желіге тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеодан жігіттің тамақ жеткізу қызметіне арналған сөмке асынғанын да байқауға болады.
"2 сағат күттік, тапсырыс келмеді": Қазақстандықтар Яндекс.Еда сервисінің қызметіне шағымданды
Полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаларды саралап, ер адамның жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткенін көріпті. Бұл әрекетімен ол өз өміріне де, жолдағы жүргізушілерге де қауіп төндірген деп отыр. Осылайша, тәртіп сақшылары оның жол ережесін бұзғанын анықтап, әкімшілік жаза қолданды. Курьер 40 мың теңге айыппұл арқалады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды