Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық оқушы өлімге апарар ойынның тапсырмасымен қолын кескілеп тастаған

Ақтауда 15 жастағы А. есімді мектеп оқушысының «Синий кит» ойынына қатысып, қолын бірнеше рет кесіп тастағаны анықталды.

53998

 

Бұл туралы Тумба хабарлайды.

Бұл ойынның екінші тапсырмасы болған. Оған ұйымдастырушылар осылай тапсырма береді. Бірінші тапсырма бойынша қолына дельфиннің суретін салып, кейін оның фотосын сайтқа жүктеу керек болған.

Кирилл Волковтың (аты-жөні өзгерлітіп берілді) өзінің айтуынша, бұл ойын жайлы досынан естиді. Ойын ережесі бойынша, Вконтакте желісінде «синий кит», «тихий дом», «мені 4:20-да оят» секілді хэштегтермен жүктеу керек. Досы екеуі осылай жасайды. Осы хэштегтер бойынша оған ойынның жетекшісі тапсырма береді. Кирил екі күн күтіп, ақырында жетекшісін өзі тауып алады.

Кирилл бұл ойынның қауіптілігі жөнінде жақсы білген. Ойынның соңғы тапсырмасын орындамаймын деп шешкен. Ол тек қызығушылық танытқанын айтады.

Маңғыстау облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, олар Кирил жайлы сыныптасынан естіген. Сыныптасы медбике әпкесіне айтқан. Әпкесі басқармадағыларға хабарлаған.

«Қуанышқа орай, жарақаттар теріге қатты дендемеген. Ешқандай қауіптілік жоқ. Біз қазір бұл ойынның қауіптілігін насихаттап жатырмыз. Баламен психолог жұмыс істеп жатыр», – дейді Білім басқармасының тәрбие бөліінің жетекшісі Алмажай Раинбердинова.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздаған

Желідегі «Көк кит» ойынын ойнаған қарағандылық асылып қалды

Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті

Талқылау