Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда үш баласын пышақтап өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақтауда екі қызы мен бір ұлын пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш баланың әкесі оларды асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталды. Ер адам өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізеді. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

“Сот үкімімен Е. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларын өлтіргені үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол сонымен қатар лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ”, –деді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Еске салсақ, қайғылы оқиға наурыз айында болған. Әкесі Атыраудан келген бұрынғы әйелінен үш баласын демалысқа алып кеткен. Сосын үйіне келген соң ол екі қызы мен бір ұлын қатыгездікпен өлтірген. Сот оның әрекетін қасақана және ерекше қатыгездік деп таныды. 

Талқылау