Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 140-тан асты
Маңғыстау облысында уланып қалған оқушылардың саны 140-тан асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstock.com/Zdan Ivan
Жаппай улану дерегі Бесшоқы ауылында тіркелген. Соңғы деректерге сәйкес медициналық көмекке 141 бала жүгініпті. Оның ішінде 82 оқушы емханада ем қабылдап жатса, 43 бала үйде дәрігердің бақылауында, 16 бала ауруханаға жатқызылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары бар екенін жеткізді. Жедел жәрдем қызметі көмек көрсету үшін толық құрамда жұмыс істейді екен.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы