Ақтауда теңізде баланы өлім аузынан құтқарған қарапайым даяшы мен футболшы марапатталды
Фото: Ақтау әкімдігі кадрларынан скрин
Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақов өткен аптада Каспий теңізіне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған екі азаматты марапаттады. Белгілі болғандай олардың бірі қарапайым даяшы, бірі футболшы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, Әбілқайыр Байпақов теңізге батып кете жаздаған 14 жастағы жасөспірімді құтқарғаны үшін Рамазан Зулкашев пен Абзал Жалғасбаевты марапаттады. Жасөспірім рұқсат етілмеген жерге түскен. Сонымен қатар әкім оларға арнайы сыйлықтар берді.
"Бұл сіздердің ата-анаңыздан алған дұрыс тәрбие мен қиын уақытта көмек бере алатын ниеттеріңіздің тазалығын білдіреді. Осындай ерліктеріңіз бен батылдықтарыңыз үшін рахмет", – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Абзал Жалғасбаев оқиға кезінде жағалаудағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Ал Рамазан Зулкашев Ақтауға Атырау облысынан келген.
Кәсіби спортшы болуды армандайтын Рамазан батып бара жатқан жасөспірімге бірінші болып жеткен. Ол сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға және тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырды.
-
Малдың артынан суға секірген: Ақтөбеде 16 жастағы бала қой үшін ажал құшты
-
Артқы фонда ұсыныс жасап жатқан: Ақтауда жүргізушінің көлігі теңізге батып кетті (видео)
"Футболшы болғандықтан тез жүгіре алатынымды біліп, ойланбастан теңізге қарай бет алдым. Баланы құтқара салысымен оған бірден алғашқы көмек көрсетіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Барлығынан шомылуға тыйым салынған орындарға бармауын сұраймын. Достарды тыңдап немесе біреуге бірдеңе дәлелдеуге тырысудың қажеті жоқ", – деді Рамазан Зулкашев.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
