Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тегін донер таратылып, халық бірін-бірі таптап кете жаздады (видео)

Ақтау қаласына қарасты Қызылтөбе-2 ауылында тегін донер таратудың соңы жаппай төбелеске ұласты. Халықты дүрліктірген сәттің видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Оқиға орнына жеткен полицейлер жиналғандарды тыныштандыру үшін дауыс зорайтқышты қолдануға мәжбүр болған. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің  мәліметінше, оқиға 11 ақпан күні кешкі уақытта болған. Іс-шараны кафелердің бірінің қожайыны ұйымдастырған.

Полиция кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін мәлімдеді. 

Дәмхананың иесі акцияның мұндай салдары болады деп ойламағанын жеткізді. 



“Bb sushi munaily атынан тегін суши және донер таратамыз деп шешіп, Қызылтөбе ауылын белгілеп, сол жерге барған едік. Бірақ ол жерде адам саны көп болып кетті. Ол жерде келеңсіз оқиғалар болмас үшін, ол жерден тегін донер және сушиларды таратпай, басқа елді-мекенге таратқан едік. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды. Келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз", – деді мекеме иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда тегін құлаққап таратылып, халық бірін-бірі таптап кете жаздаған еді. Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан. Соған балалар мен жасөспірімдер таласып, соңы дүрбелеңге айналған. Таласқан халықтың арасында кейбірі қысылып қалған.

Талқылау