Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жауапқа тартылады

Фото: Видеодан скрин

Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер айыппұл арқалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ақтаулық кәсіпкер балалар күніне орай тегін балмұздақ таратқан. Алайда тегін балмұздаққа жиналған адамның қарасы көбейіп, алаңда бейберекетсіздік орнады. Науқанды 29-шағынауданда "Abu Baby" балалар киімі дүкенінің иесі ұйымдастырған. 

Адамдар көп жиналғаны соншалық, басқа қатысушылардың өміріне қауіп төніп, адамдар кептеліп қалып жатты. Тіпті, балалар жоғалып, қоғамдық тәртіп бұзылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкер науқан туралы атқарушы органдарға алдын ала ескертпеген. 

“Осыған байланысты дүкен иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-1-бабына (Алдын ала ескертусіз немесе келісімсіз қоғамдық іс-шара өткізу) сәйкес 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады, — делінген ресми хабарламада.


"Аштан келгендей": Астанада Қадір түнінде мешітке жиналған жұрт тегін тамаққа таласты (видео)


Қазақстандық жігіт қызды мейрамханаға шақырып, шотты төлеуге мәжбүрлеген: Желі қолданушылары "ас аңдығыш" қыздарды сынға алды


Кәсіпкер шараға халық көп жиналады деп күткен жоқпын деп ақталды. Айтуынша, шара аясында 60-70 балаға шақтап, сыйлық дайындаған. Ол кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталанбайтынын айтты.

Бұған дейін ақтаулықтардың тегіне балмұздаққа таласқаны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 15:20
Талқылау