Ақтауда электр бағанын ұстап алған баланы тоқ соғып, көз жұмды
Ақтауда сегіз жасар бала электр бағанын ұстап, тоқ соғуы салдарынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Lada.kz сайтынан
Қайғылы оқиға 23 маусымда сағат 22:00 шамасында "Волна" базары мен №7 мектеп-лицейі арасында орын алды.
"Оқу орнының қоршауында шам бағанасы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала соны ұстаған, нәтижесінде оны электр тогы соққан. Нақты себептерді анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде", – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты