Ақтауда сарбаздардың өліміне кінәлі деп танылған 6 әскери ерте босап шықты
Былтыр қарашада ғана сотталғандар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасалған рақымшылыққа ілігіп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Каспийде өткен «Орталық – 2015» әскери жаттығуы кезінде 4 бірдей БТР теңізге батып, 4 сарбаз көз жұмған еді. Қайғылы жағдайға 6 адам кінәлі деп танылды. Олар – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Мұрат Нұғманов пен №25/744 әскери бөлімінің командирі Ерболат Толықбаев және осы бөлім командирінің орынбасары Рашид Жылқайдаров екі жарым жылға, ал әскери машина жүргізушісі Абай Баймұратов бір жарым жылға сотталған. Сондай-ақ, тағы екі әскери шартты түрде жаза алған болатын. Енді соның барлығы да ерте босап шықты.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбе имамдары ас беру кезінде жайылатын дастарханның жалпыға ортақ мәзірін бекітпек
Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды
17 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмаған көпбалалы ана жұрттан көмек сұрады