Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда пәтер алуға өтініш қабылдаудың соңы айқайға ұласты

Ақтауда мемлекеттік бағдарлама бойынша өтініш қабылдаудың соңы шуға ұласты. Пәтер алуға тіркелушілер  құжат қабылдайтын орталықтың жанында кезегін күтіп, кіре алмай жүр. Олардың жүргеніне 2 күн болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әкімдік негізі бар жоғы 478 пәтерді үлестіруді жоспарлап отыр. Ал, баспаналы болсам дегендердің саны одан он есеге көп. Таңмен таласа тұрған тұрғындардың көбі құжат өткізетін орталыққа ерте келген. Бір-бірін таптап, сығылыспас үшін қаланың үш жерінде құжат қабылдайтын пункт ашқан.

Дегенмен, ұзын-сонар кезекте уақытты жоғалтпай, интернет арқылы өтініш қалыдыруға мүмкіндік бар. Бірақ, оның көмегіне тек 30 адам жүгінген. Әкімдік, ерте ме, кеш пе барлығының өтінішін қабылдаймыз деп отыр.

“Кеше мен кіре алмадым. Бүгін де сағат сегізде келіп әлі кіре алмай тұрмын. Мына фамилияларды оқып тұрған адамның тіпті не громкоговорителі жоқ. Бірдеңе айтсаң тек бетіне басып айқайлап салады. Құжаттарымызды қалай тапсыратынымызды білмеймін “, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Венера Пірімбетова.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбе облысында екі баласымен үйінен шыққан әйел жоғалып кетті

Ақтөбеде желі парақшасына ұятсыз видео салған жігітке қылмыстық іс қозғалды

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде Қазақстан географиясы оқытылмайды

Қарағанды дәріханасында ер адам тыр жалаңаш шешініп, стриптиз билеген

Талқылау