Ақтаулық оқушылар мектеп асханасында тарақандармен бірге тамақтанып жүр
Ақтауда ата-аналар балаларының асханада таракандармен бірге тамақтанып жүргеніне наразы. Қоңыздар таңғы ас пен түскі ас ішу кезінде қабырғаларда жүре береді. Таракандар тіпті оқу кабинеттерінде де жүреді, деп хабарлайды КТК арнасы.
№6 орта мектептің директоры Жанаргүл Жұмашева соңғы рет қаңтар айының басында жәндіктерді улағандарын айтады. Алайда зарарсыздандыру тек уақытша ғана нәтиже берген. Таракандардың бір тобы жертөледегі құбыр арқылы қайта қаптап шығатын көрінеді.
Директодың айтуынша, мектепке бастан-аяқ жөндеу жұмысын жүргізгенде ғана таракандардан құтылуға болады. Мектеп соңғы 48 жылда дұрыс жөндеуден өтпеген. Енді жөндеу жұмыстары 2017 жылға жоспарланып отыр. Ол 10 айға созылуы мүмкін. Жөндеу акт залынан басталып, көктем айында жылуды тоқтатқан соң жертөледе жасалады.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО мектептерінде салт-дәстүр сабақ ретінде оқытылады
Маңғыстауда мектептің 69 жастағы шопыры 9 жасар қыздарға азғындық жасаған
Дені сау бола тұра жындыханада жатқан Маржан Тұрлыбаева қалай өзгерді? (фото)
Мәскеуде құлдықта болған қазақстандық қандай қорлық көргенін айтып берді