Ақтауда несиесін төлей алмаған әйел 9-қабаттан секірмек болды (видео)
Ақтау полицейлері суицидтің алдын алды. Олар 37 жастағы әйелді райынан қайтарды.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
Төтенше жағдай бүгін, 21 қазан күні, болды. Полицейлерге әйел адамның 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінен секірмек болғаны жайлы хабарланды.
«1979 жылы туған әйел өз өмірімен қоштаспақ болды. Ол үйдің төбесіне шығып алып, спирттік ішімдік ішті. Ақтау қаласы ІІБ жергілікті полицейлер қызметінің аға лейтенанты Бақберген Ерғашұлы мен полиция капитаны Әділбек Тұрыбеков әйелді райынан қайтарды. Әйелді дәрігерлер қарап, оның ішімдік ішкені анықтады», – деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Суицидкен бекінген әйел бірнеше банктен алған несиесін төлей алмағанықтан осылай жасауға мәжбүр болғанын айтады. Әйелді анасы келіп өзімен бірге алып кетті. Оның несиені қандай қажеттілікпен алғаны белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті
Бала күнгі суреттерді ересек кезінде қайталап түскен аяулы көріністер (фото)
Эстрада жұлдыздары ақша үшін ұрықтарын өткізуге дайын ба?
Астана тұрғыны жануарларды паналату үшін зәулім үйін босатып берді