Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мысықтың үстіне секірген ер адам сотталды

Ақтау қалалық соты мысықтың үстіне секірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат О.-ға қатысты қылмыстық іс 23 желтоқсанда қаралды. Анықталғандай, 4 қазан күні сағат 22:00 шамасында Ақтау қаласының тұрғыны бөтен адамдардың көзінше қасақана мысықтың үстіне секіріп, оған дене жарақатын келтіріп, сосын оны жақын маңдағы саябаққа лақтырып жібергені анықталды. Кейінірек мысықтың өліп қалғаны белгілі болды.

Сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнекамераға түсірілген бейнежазбамен, мал дәрігерінің қорытындысымен дәлелденді.

35 жастағы сотталушы сот отырысында өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот сотталушының болған оқиға үшін шын жүректен өкінішін жеңілдететін мән-жай деп таныды. Сот үкімімен азамат О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 3-бөлігінің 5-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушыға алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау