Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мысықтың басына секіріп, оны жарақаттаған азаматқа сот үкімі шықты

7 қазанда Ақтау қалалық соты Қылмыстық кодекстің 316-бабының 1-бөлігі "Жануарларға қатігездік жасау" бойынша айыпталған азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Lada.kz” басылымына сілтеме жасап.

мысыққа секірген

Сот 4 қазан күні сағат 22.00 шамасында сотталушы мысықтың үстіне қасақана секіріп, оны жарақаттағанын анықтады.

Прокурор сотталушыны 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

“Жануарға зиян келтірген қатыгездік үшін 120 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алу көзделген”, - деп түсіндірді сот.



Сот сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнекамераға түсірілген бейнежазбамен, мал дәрігерінің қорытындысымен дәлелденді деп ұйғарды.

“Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп сотталушының өз кінәсін толық мойындауы, жасаған ісіне өкінетінін тапты. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ”, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен сотталушы 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғыны мысықтың басына секіргені бейнежазбаға түсіп қалған еді. Азаматтың бұл қылығы қоғамның қызу талқысына түсті.

Кейіннен маңғыстаулық полицейлердің жануарға қиянат жасаған адамды ұстағанын мәлімдеді

Талқылау