Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды
Ақтауда мысықтың басына секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұл кезде мас болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 6-шағынауданда 4 қазанда болған. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатігездікпен қарау" бабымен тіркелген.
"Ер адамға 120 айлық есептік көрсеткіште дейін (367 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстарына,120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Ер адам өз әрекетін мойындаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Instagram желісінде Ақтауда ер адамның мысықтың басына бар салмағымен секірген видеосы тараған еді. Кадрларда мысықтың қатты соққы алған соң ұстамасы басталған.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен