Ақтауда мысыққа қатыгездік танытқандардың әрекеті түсірілген тағы бір видео тарады
Маңғыстау облысында жануарға қатыгездік танытқан сәті түсірілген тағы бір видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Бейнежазбаны "Цензура. Актау" телеграм-арнасына жазылушылардың бірі жолдаған. Видеодан белгісіз ер адамның мысықтың марғауын қолында ұстап тұрғанын көруге болады. Кейін бар күшімен марғауды қоршаудан асырып лақтырып жібереді.
Бұдан кейінгі мысықтың жағдайы белгісіз.
"Адамдар неліктен мұндай қатыгез? Бір қызығы, мұндай видеоны өздері жариялайды. Бұған дейін секірген еді, енді лақтыратындар пайда болды", – деп жазды желі қолданушылары.
Оқиға Маңғыстаудағы Жыңғылды ауылында болған. Полиция әзірге пікір білдірген жоқ.
Бұған дейін Ақтауда түсірілген тағы бір видео тараған. Мұнда ер адам мысықтың басына секірген. Полиция ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"