Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда мектеп оқушысын азғындаған 69 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты

Ақтауда кәмілеттік жасқа толмаған қызды азғындаған 69 жастағы автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

судья

Бұл туралы Ақтау Лада хабарлады.

“Сотталушы ҚР  ҚК-нің 124-бабы 1-бөлімі (Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылып, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Сотталушы сегіз жылға дейінгі мерзімге бала тәрбиесі мен оқыту мекемелерінде қызмет атқару құқығынан айырылды”, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленушінің отбасына моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге төлеуі тиіс.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында ауыл мектебінде болған.

Мұғалім төртінші сынып оқушыларының бірінің телефонында мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісінен келген хабарламаны көріп қойған. Оқушының ата-анасы жүргізушіге шағым түсіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы тұрғыны ескі үйі үшін 2 миллион доллар сұрап отыр

Астанада планшетке термілген автобус жүргізушісі жұртты шошытты (видео)

Қарағандыда ер адам өзіне «қызмет көрсеткен» жезөкшелерді тонап кетті

Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Талқылау