Ақтауда мас ер адам ұрлап алған гүлдерін көшедегі қыздарға таратып берген
Ақтауда мас ер адам ұрлап алған гүлдерін көшедегі жүргіншілерге таратқан. Оқиға 2 қараша күні қаладағы 12-ықшамауданда болыпты.

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.
Ер адам өзінің әйеліне гүл сатып алу үшін кірген. Екі күн бойы достарымен әбден қыдырған ол гүл сыйлап әйелінің көңілін таппақшы болыпты. Алайда қалтасында қалған 500 теңгеге сыра сатып алған ол гүл дүкенінен де құр шыққысы келмей, ең дұрысы ұрлау деген шешімге келген.
Алайда ұрлаған қалампыр гүлдерін де әйеліне апарудың орынына көшеде кездескен қыздарға сыйлаған. Осылай жүрген мезетінде оны сатушының күйеуі ұстап алады. Бірақ, екі тарап өзара келісімге келіп, зардап шегушілер ұрының үстінен шағым түсірмеген. Оған қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін