Ақтауда құбыр жарылып, бірнеше шағынаудан тұрғындары ауыз сусыз қалды
Фото: freepik.com
Ақтауда бірнеше шағынаудан тұрғындары құбыр апатына байланысты ауыз сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Каспий жылу, су арнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, қаланың бірнеше ауданында ауыз су жартылай өшірілген.
Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады
Мына аудандар зардап шекті:
27-шағын аудан, №2, 44, 45, 57, 53, 54, 71, 72, 74, 75, 76 ғимараттар;
16-шағын аудан, “Айсар” тұрғын үй кешені, №18 ғимарат, “Бек” мейрамханасы, бизнес орталығы және монша;
3B-шағын аудан – энергетикалық колледж, оқу орталығы;
4-шағын аудан, №1, 2, 3, 20, 21, 67 үйлер, №5 мектеп, №67А ғимарат.
“1-ден 8-ге дейінгі, 14 және 15-ші шағын аудандарда су қысымы төмендетілді”, – делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен сумен жабдықтауды қалпына келтірудің болжамды уақыты кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыз су үшін арнайы есептегіш құралы жоқ қазақстандықтар суға екі есе көп төлейтіні туралы жазған едік.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды