Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің бетон маңдайшасы құлап, бір адам көз жұмды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің бетон маңдайшасы құлады. Салдарынан бір адам көз жұмды, тағы екеуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: lada.kz
Дерекке сүйенсек, оқиға 9-шы ықшам ауданда орналасқан №4 үйде болған. Тұрғын үй кіре берісіндегі бетон маңдайша құлап, сондағы 3 азамат зардап шекті. Тіпті бірі оқиға орнында көз жұмған.
Куәгерлердің айтуынша, олар – ескі маңдайшаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері.
“Қазір зардап шеккендер тексеріліп жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы екеуінің де жағдайы тұрақты”, – деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Фото: lada.kz
Оқиға орнында құзырлы орган жұмыс істеуде. Істің толық мән-жайы тексеріліп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"