Артқы фонда ұсыныс жасап жатқан: Ақтауда жүргізушінің көлігі теңізге батып кетті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Осы демалыс күндері Ақтаудағы жағажайлардың бірінде Toyota маркалы көліктің жүргізушісі суға жүзетін құралын түсіру үшін көлігін теңізге кіргізіп, соңында құмға батып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып, жергілікті Instagram пабликтерінде кеңінен талқыланды. Видео 25 мамырда жарияланды. Онда жүргізушісінің теңіз жағасында құмға батып тұрғанын көруге болады. Алайда бұл жағдай демалушылардың көңіл күйін бұзбаған. Олар сол жерде би билеп, тіпті бір жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасаған романтикалық сәт те видеоға түсіп қалған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
"Оқиға демалыс күндері қала жағажайларының бірінде болды. Toyota көлігінің жүргізушісі суға жүзетін құралын түсіру мақсатында теңізге кірген. Алайда көлік құмға батып қалған. Жүргізуші көлікті өз күшімен шығарып алған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді", – делінген хабарламада.
Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді жою немесе бүлдіру – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Үндістанда химиялық заттар тиелген кеме суға батып, дабыл жарияланды
Астанада бүлдіршін жаңбырдан кейінгі шалшық суға батып кете жаздады (видео)
Еске салайық, бұған дейін 10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Көксу өзенінің бір жағынан екінші бетіне трос арқылы өтпек болған ер адам орта жолда ағысқа құлап, жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн іздеуден кейін әскери қызметкердің денесі табылды. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтың денесі 15 мамырда табылғанын мәлімдеді.

"Әпшу" сұрайды, омырауын береді, шашын алып тастайды": Қазақстандықтар балаларының жеке шекарасының бұзылып жатқанына шағымданды
