Ақтауда демалыс базасының аймағынан итбалық пен құстардың өлекселері табылды
Ақтауда тұрғындар тағы да демалыс базасының маңынан итбалықтар мен құстардың өлекселерін тапты. Айтуларынша, бұл өлекселер былтыр күзден бері осы аумақта жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындары 11 қаңтарда кешке екі итбалық қаңқасын "Caspiy Life" демалыс базасының жанынан тапқан. Айтуларынша, өлекселер ыдырап шіріп жатыр.
Себебі демалушылардың болжамынша, сүтқоректілердің өлекселері былтырғы күзден бері осында болған және әлі күнге дейін жойылмаған.
Жергілікті тұрғындар одан бөлек өлген құстарды да тапты. Олардың арасында жылқышы (вальдшнеп), шағала мен аққулар бар.

Фото: lada.kz
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы жағалау белдеуіне мониторинг жүргізетінін хабарлады. Тексерістен кейін сараптама нәтижесі хабарланбақ.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"