Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлық көріп, өзіне қол салған: Ақтаулық қыздың ұрланған сәтінің видеосы тарады

Желіде Ақтауда бір топ ер адамның зорлығына ұшырап, өзіне қол салған жаттықтырушы қыздың ұрланған сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Кадрлардан бірнеше жігіттің қызды күштеп көліктің артқы орындығына отырғызғанын, қыздың қарсылық көрсетіп жатқанын көруге болады. Осы сәтте көліктің жанына тағы бір көлік келіп, оның жүргізушісі де күдіктілерге көмектесе бастайды.


"Сот әпкемнің өліміне бесеуінің қатысы жоқ деп шешті": Ақтауда бір топ ер адам азаптаған қыздың інісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді 


Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда 5 ер адам қызды көлікке күштеп отырғызып, мефедрон беріп, зорлап, несие алғызғаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істеген қыз өзіне қол салған.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылдың 19 желтоқсанында жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстар үшін басты айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Прокурор соттың шешіміне шағым түсіріп, басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс бойынша сот жалғасып жатыр.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 09 Қаңтар, 2025 18:37
Талқылау