Ақтауда бір-бірін талдырып ойнаған бала өле жаздады

Фото: Lada.kz
Ақтауда бір-бірін талдырып ойнайтын қауіпті ойынның кесірінен мектеп оқушысы ми жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 мамыр кешке 32В шағын ауданындағы балалар ойын алаңында болған. Қауіпті ойыннан бала өле жаздады.
12 жасар бала есін жоғалтып, құлап, басын жерге соқты, содан кейін құрысулар пайда болды. Жанындағылар мектеп оқушысын есін жиғызбақ болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан жарты сағат өткен соң ғана келген. Зардап шегуші шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазақстанда балаларды қауіпті контенттен қорғайтын SIM-карта іске қосылды
Жедел жәрдем 2012 жылы туған жасөспірімді жатқызғанын растады. Ол "Жабық ми жарақаты, ми шайқалуы" диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды.
Науқастың жағдайы тұрақты, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"