Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бар салмағымен мысықтың басына секіріп, залал келтірген азамат іздестірілуде

Instagram желісінде Ақтауда ер адамның мысықтың басына бар салмағымен секірген видеосы таралған болатын. Кадрларда мысықтың қатты соққы алғаннан соң ұстамасы басталғаны көрсетілген. Құқық қорғаушылар жануарға қатыгездік көрсеткен азаматты іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2022 жылдың 4 қазанында сағат 22:00 шамасында 6-шы шағын ауданда, 26-үйдің жанында болған.

Ақтаудағы жануарлар құқығын қорғаушылар ер адамды "жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша жауапқа тартуды талап етіп отыр.

“Қазір марғаудың жағдайы ауыр. Басынан қатты жарақат алған. Әлі де ұстамалары бар”, - деді жануарлар құқығын қорғаушылар.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі бұл факті қалалық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша тіркелгенін хабарлады. Жауаптыны анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.



Қазір жануар еріктілермен бірге. Жануарларды қорғаушылар рентгенге түсіріп қойған.

"Бүкіл соққының күші басына түскендіктен мойын тұсына зақым келген. Мен қарағандылық ең жақсы ветеринарлардың бірінің жауабын күтемін. Қабылдауына жазылдық. Ол бізге терапияны жалғастыру үшін кеңестер береді. Шындығына келсек, марғаудың жағдайының алда қалай болары үш күннен соң белгілі болады. Осы уақыт аралығында ол өледі немесе жазылып кетуі мүмкін. Мен мысықтың аман қалуы үшін бәрін жасаймын ", - деді жануарлар құқығын қорғаушы.

Талқылау