Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда балалар итбалыққа тас атқан (видео)

Ақтау тұрғыны теңіз жағасына жүзіп шыққан итбалықты видеоға түсіріп алған. Видеода балалар итбалықты қоршап алып, оған тас атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап.

Видеода итбалықтың жанында көптеген адамдардың топтасқанын байқауға болады. Видео сыртында әйел итбалықтың теңізге кері жүзіп кетпегенін айтады. Осыны айтып тұрғанда, бала итбалыққа тас лақтырды. Бала алдымен кішкентай, артынша үлкен тас атқан.

Бір күн бұрын да итбалықтың жағаға келгені белгілі болды. Жануар 40 минуттай күнге қыздырынып, содан кейін суға қайта оралып, жүзіп кеткен. Кадрларға қарағанда, итбалық демалушыларды мүлдем қорқытпаған. 



Полиция итбалыққа шабуыл жасағандарды анықтады. Олар қауіпсіздік мақсатында итбалықтың жүзіп кетуіне жағдай жасамақ болған. Оқиғаға қатысушылар, су жануарына қатысты ешқандай қатыгездік жасамағанын алға тартты.

Нәтижесінде полиция тергеуді тоқтатып, қылмыс құрамының жоқтығынан қатысушылар жасаға тартылмады. 

Талқылау