Ақтауда әскери қызметкерді КамАЗ басып кетіп, қаза тапты
Фото: depositphotos.com
Ақтауда әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ жүк көлігі басып кетіп, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қаңтар күні әскери бөлімше Ақтау гарнизонының Оймаша полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған.
“Қолайсыз ауа райы жағдайында, көктайғақ кезінде, көру аймағы шектеулі болып КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер, кіші сержант Г-ны қағып кеткен”, – делінген хабарламада.
"Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды
Жамбыл облысында сарбаз өз саусақтарын шауып тастаған
Әскери қызметкер алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
“Қарулы қүштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады”, – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетіні атап өтілді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жаттығу кезінде сарбаз өз аяғына оқ атқаны туралы жазған едік.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"