Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау-Шымкент рейсінде бомба барын айтқан балалы әйел 5 жылға дейін сотталмақ

әйел ұшақта бомба барын айтқанФото: people.com

Ақтау әуежайында сәбиі бар келіншек Шымкентке ұшып бара жатқан ұшақ бортында бомба барын айтқан. Нәтижесінде SCAT әуе компаниясының ұшағын шұғыл эвакуациялауға тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Ақтау-Шымкент рейсінде болған. Рейске 200-ге жуық жолаушы мінген.

Ресми мәліметке сәйкес, 1998 жылы туған әйел ұшаққа мінген соң жарылғыш зат барын хабарлаған. Экипаж бірден жолаушылар мен экипаж мүшелерін түсіру туралы шешім қабылдаған. Арнайы қызмет ұшақ пен багажды бес сағаттан астам уақыт тексерген. Оқиға орнына бомба мамандары мен төтенше жағдайлар қызметі келәп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.


"Бомба, мина, граната": Әуежайда қандай сөздерді айтуға болмайды


Рейстегі басқа жолаушылардың сөзінше, әйел абдырап, эмоционалды күйзелісте тұрған. Олардың айтуынша, әйел қатты күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін. 

Көлік полициясы басқармасы оқиғаны растады. Әйел ұсталып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енд3 ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр. Әзірге басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында ұшақта бомба барын айтқан жасөспірімнің әрекеті 20 млн теңгеге жуық шығын әкелуі мүмкін екенін жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 23 Тамыз, 2025 18:59
Талқылау