Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болды
Фото: ТЖМ ҚР, media.az
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараот агенттігі Mediz.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұм Әзірбайжан азаматы, Загатала қаласының тұрғыны Нұрулла Сиражов.
Oxu.az сайтының хабарлауынша, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Нұрулла Сиражов әйелімен Грозныйда тұратын ұлына қонаққа бара жатқан. Жол апатында ерлі-зайыптылардың екеуі де ауыр жарақат алған. Қатерлі ісікке шалдыққан ер адам Грозныйға ота жасату үшін ұшып бара жатқан. Алайда, апатқа байланысты операция тоқтатылып, Сиражов алған жарақатынан айығуға мәжбүр болған.
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжандық кәсіпкер қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына пәтер берді
Әзірбайжан Ресей билігінің үстінен халықаралық сотқа шағым түсіруге дайындалып жатыр
Айта кетейік, апат 2024 жылдың соңында Ақтау маңында болды. Баку–Грозный бағытымен ұшып бара жатқан ұшақта 67 адам болған. Олардың 38-і (негізінен Әзербайжан азаматтары) қаза тапты. Қайғылы оқиға алдында әуе кемесі Ақтау әуежайының үстінен бірнеше рет айналып өткен. Пилот 7 700 дабыл кодын беріп, қосалқы әуежайға қонуға сұрау жіберген.
Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.
Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сенімменайта алатынын жеткізген.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
