Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау маңында апат болған ұшақтан қандай зақымдар анықталғаны белгілі болды

Көлік министрлігі 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдары (AZAL) ұшағының қирап, зақымданған жерлері көрсетілген суреттерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Көлік министрлігі

Министрлік жариялаған суреттердің арасынан апатқа ұшыраған ұшақтың өртенген, зақымданған және қираған бөлшектерін көруге болады.

Ресми баяндамада Қазақстанның құқық қорғау органдары жұмылдырылып, апат болған жердің толық қауіпсіздігі мен күзеті қамтамасыз етілгені айтылған. Тергеудің далалық кезеңі аяқталғаннан кейін комиссия одан әрі жұмыс істеу үшін ұшақтың фрагменттерін арнайы бөлінген және күзетілетін ангарға тасымалдады.

Сондай-ақ тергеу комиссиясы ұшақ құрылымдарының зақымдануын егжей-тегжейлі тексеруді жалғастырып жатыр.

“Төменде 1, 2 және 3 гидравликалық жүйелерінің ұшақтың құрамдас бөліктеріне енуі есебінен ықтимал сыртқы нысандардың әсерінен болатын соққыға дейін зақымдалғанын дәлелдейтін суреттер бар. Бұл зақымдарға гидравликалық сұйықтықтың немесе қысымның төмендеуі себеп болды", – делінген баяндамада. 

Сондай-ақ жермен соқтығысқанға дейін тұрақтандырғыш жетекті басқарудың электр сымдарының зақымдануы, сыртқы нысандардың әсерінен болуы мүмкін дейді ведомство. Бұл зақымдарға тангаждың бұрышын триммерлеу бойынша бірінші және екінші каналдардың істен шығуы себеп болған.



№3 гидравликалық жүйе бөлімшесінің және тұрақтандырғышпен басқару механизмі

Әуе кемесіндегі зақымдар сыртқы заттардың ұшақ конструкциясына енгенін көрсетеді.

Ұшақты тесіп өткен зақымдар конструкцияға бөгде заттардың енгенін көрсетеді.

“Визуалды тұрғыдан зақымдардың кейбірі ұшақты тесіп өткеніне, кейбірі жанасып қана өткеніне көз жеткізуге болады. Тергеу комиссиясы Бразилия, Әзірбайжан және Қазақстанның құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдері зақым сақталуы мүмкін бөгде заттарды алып, оларды қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберді”, – делінген құжатта.

Нәтижесінде зақымданған ұшақтан көптеген бөгде зат табылған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшқыштар мен диспетчерлердің соңғы диалогы пайда болғанын жаздық. Аудиода Грозныйға қонбау, Махачкалаға ұшпау, одан кейін Бакуге қайтып оралу, соның нәтижесінде Ақтауға ұшу туралы барлық шешімді Әзірбайжан әуе жолдарының экипажы дербес қабылдағаны естіледі. Диспетчерлер әуелі Грозныйға, сосын Махачкалаға қонуды ұсынып, экипажға Ресейдің басқа әуежайлары туралы ақпарат берді, бірақ экипаж бұл жерге қонбауды ұйғарды. Оның үстіне жазбалардан құстармен соқтығысу, борттағы жарылған газ баллоны туралы нұсқаны ұшақ экипажы диспетчерлермен сөйлесіп жатқан кезінде айтқаны белгілі болды.

Талқылау