Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшасының жартысын тақиясына салды": Ұйғыр биін билеген Назым Қызайбай көпшілікті таңғалдырды

Бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бапкерінің тойында билеп, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Айта кетейік, боксшының бапкері Каменов Долкунжан 60 жас мерейтойын атап өтті. 

Атақты боксшының қонақтармен бірге ұйғыр биін билегенін аңғаруға болады. Қонақтардың дені оның өнеріне тәнті болып, ақша ұстатты. Тіпті ақшасы қалтасына сыймай, тақиясына салғанын жұрт қызу талқылап жатыр. 



Желі қолданушылары боксшы арудың жарасымды биін қызу талқылап жатыр. 

“Назым қызымдың бапкері ұйғыр кісі, тойын бимен көтеріпті”, “Ұйғыр халқы қошемет көрсетіп жатыр”,  “Қимылы керемет екен”, “Жақсы бокстасып қана қоймай, күшті билейді екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Айта кетейік, Назым Қызайбай бокстан 50 келіде Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген еді.

Қазақ әйелдер боксында есімі ерекше аталатын спортшы бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлде иеленген еді.

@rishat_zordinov Олимпийский чемпион Назым Кызайбай танцует на Уйгурском свадьбе❤️ #уйгурум #яшауйгурум #яшауйгурум☪️❤️ #чемпион #олимпиада #париж #рекомендации #уйгуры #уйгурскаясвадьба ♬ оригинальный звук - rishat_zordinov
Талқылау