Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны қайдан табады?!": Ұланғасыр Қами қоныстой жасап, күтпеген сыйлыққа ие болды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал хитмен Ұланғасыр Қами қоныстой жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі зәулім үйін көрсетті. 

“Қонақтарға дастархан дайын. Назерке жасап беріп кетті. Продюсерім, әрі көршім. Мен достарыма қалжыңдап айтып едім. Олар екі қой алып келіпті. Бір марқайып қалдым. Дәулет Өсербай бауырым жылқы мінгізді. Бәрі үйімнің көрімдігі екен. Достарым аман болсын. Шынымен де, күтпедім!”, – деп жазды әнші. 



Өнер иесінің оқырмандары достарының сыйлықтарын қызу талқылап жатыр.

“Осылар ақшаны қайдан алады”, “Ұланғасыр, қонысың құтты болсын, берекелі де мерекелі баспана болсын, сырты малға іші жанға тола тола берсін, нағыз достар деген міне осындай болады. Керемет жарайсыңдар, достары”, “Өсер елдің жігіттері адалдан тапқан мал-мүлкін жүрегі жақын жандарға осылай шашу керек. Қызғанып қас болғанша, қуанып дос болғандарың қандай ғанибет, айналайындар! Қуаныш көбейсін”, – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 17 Маусым, 2025 16:23
Талқылау