Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны берген – сіздер": Әбдіжаппар Әлқожа қымбат Merсedes көлігін сатып алды

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа машинасын оқырмандарына көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/stories/abdizhappar_alkozha/

Өнер иесінің су жаңа көлігінің маркасы – Merсedes AMG 63S.

“Серіні тұлпарынан танисыздар. Көптен армандап, бүгін жеттім. Құтты болсын деп қойыңыздар. Сіздерге жұғысты болсын! Әрбір қазағым мықты көлікпен жүрсін. Мен үшін Merсedes AMG 63S – нөмер бірінші көлік. Жеткізген Алла! Ақшаны берген – сіздер. Адал еңбек,таза пейілдің арқасы”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі су жаңа көлігімен блогер Ырысбала Икрамбайды перзентханадан шығарып алды. 

“Қандай қуанышты күн. Ырысбаланы перзентханадан шығарып алдық. Кіндік әкесі – мен. Құттықтап қойыңыздар!”, – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтың қызына азан шақырып ат қойған еді. 

 

Талқылау