Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша шешіп алған": Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі алаяқтарға алданып қалды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып, халыққа үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесі WhatsApp желісінде өзінің атынан біреулер жалған сілтеме жіберіп жатқанын ескертті. 

“Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым, ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!”, – деп жазды халық әртісі.  



Желі қолданушылары мен өнер өкілдері әншіні қолдап, түрлі пікір жазып жатыр. Алаяқ өзі ашқан ортақ чатқа кейбіреулерді тіркеп үлгеріпті. 

“Қазір ғана осы топқа мені қосты. Мақпал әпкеге қандай дауыс керек деп ойлап отыр едім”, – деп жазды Роза Әлқожа. “Ресейліктерден келген пәле болды. Солар қалай елге кірді, осындай орысша хабарламалар толып кетті”, “Сілтемені ашсаңыз, бірден картаңыздан ақша шешіп алады екен”, “Мақпал апамыз дауыс жинайтын әнші емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау