Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген қыруар қаржының тиімді жұмсалып жатқанына күмән келтірді. Өйткені осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктерді құтқару үшін қазынадан 3 триллион теңгеден астам ақша бөлінген болатын. Ал, сол ақшаны қай банк қалай жаратты? Бюджеттен алған триллиондар жайлы қаржы ұйымдары неге ашық мәлімет бермейді? Бұл сұраққа жауап таппай дал болған депутаттар  Ұлттық банк төрағасын қыспаққа алды, деп хабарлады КТК.

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

Елімізде «көрсеткіші нашар» деп бағаланған банктердің төңірегіндегі  дау ушығып бара жатқандай. Мемлекеттен көмек ретінде қыруар қаржы алса да, жұмысты  мандыта амай отыр.

Сондықтан сенаторлар да коммерциялық ұйымдардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Өйткені, осы банктерді қолдау үшін бюджет пен Ұлттық банктен  бөлінген қаржының көлемі тым көп. Бұл ақшаға банктер несие таратып,  қаржы  нарығында белсенді ойыншыға  айналуы тиіс еді.

Алайда, мақтауы асырылған  шаруаның  шатқаяқтауы көбейді.

«Осы уақытқа дейін банк секторын қолдау  үшін бюджеттен  3 триллионнан астам ақша бөлінген. Осыған орай сұрақ туындайды. Банктерге қыруар қаржы құйғанымыздан қандай пайда болды? Ақша тиімді жұмсалды ма?», – дейді Сенат депутаты Сергей Плотников.

Сенаторлардың бұл сұрағына Бас банкир тосылып қалмады. Жауапты қысқа қайырған Данияр Ақышевтың айтуынша, алаңдауға еш  негіз жоқ. Берілген қарызға  банктер соңғы 10 жыл бойы қайтарылмаған  несиелерін  жабуда. Әрі орта және шағын бизнесті қаржыландырып, жеке тұлғаларға да ақша беріп жатыр екен. Бірақ, барлығы емес. Үш коммерциялық ұйымның ісі алға баспай тұр дейді Ақышев.

«Эксим банк, Астана және Qazaq банкі ғана біраз қиындықтарға тап болды. Аты аталған ұйымдарда несие портфельінің көрсеткіші тым төмен. Сол үшін клиенттердің алдында өз міндеттерін орындай алмай отыр. Қазір осы банк акционерлерімен жүйелі түрде келіссөз өткізіп, мәселені шешуге тырысып жатырмыз»,-дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Бұған дейін мемлекет басшысы да осы банктерді қатаң сынға алып, бұдан былай оларға көмек ретінде ақша бөлінбейтінін айтқан еді. Өйткені, қаржы ұйымдары бөлінген ақшаны несие ретінде таратудың орнына, басқа жобаларға құйып, тіпті депозитке салып пайда тауып отырғандарын айтқан болатын.

Президенттің осы сынынан соң бас банкир бюджеттің есебін түгендеуге мықтып кіріскендей. Сөзіне сенсек, триллиондар бекерге ысырап болмайды. Айтуынша, банктер оны алдағы 15 жылда мемлекетке соңғы тиынына дейін  толық қайтарып беруі тиіс.

Тағы оқыңыз: 

“Сізден басқа жоқ Құдай” деп елбасына өлең арнаған ақынға Жан Ахмадиев жауап рэп шығарды

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

Талқылау