Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша бөлінбеген: Атом энергиясы агенттігі байқау жеңімпаздарының неге сыйлық алмағанын түсіндірді

Фото: Depositphotos.com

Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау беруге арналған жалпыұлттық байқауда ешқандай жүлде мен сыйлық қарастырылмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік өкілдері байқауды ұйымдастыру шығындарына қатысты түсініктеме берді.

"Атом энергиясы агенттігі жалпыұлттық байқауды өткізуге бюджеттен қаржы бөлінбегенін және демеушілік қаражат тартылмағанын хабарлайды. Мемлекеттік eGov Mobile порталында байқаудың кәсіби түрде өтуін қамтамасыз еткен "НИТ" АҚ қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреміз", – делінген хабарламада.

17 қарашада Қазақстанда алғашқы АЭС атауы "Балқаш атом электр станциясы" деп таңдалды. Бұл нұсқа қатысушылар арасында ең танымал болып, 882 қазақстандық осы атауды ұсынған. Хабарланғандай, осы азаматтардың барлығы бір ай ішінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы авторлық электронды сертификат алады.

Жалпыұлттық байқау 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті. Оған 27 мыңнан астам қазақстандық қатысты.


АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көміледі


АЭС құрылысы: "Росатом" Үлкен ауылында алдын ала жұмыстарды бастады


Еске салайық, бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасы аясында Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық несие беретінін жазған едік. 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 09:43
Талқылау