АҚШ-тың жоғарғы соты президент Трамптың әлем елдеріне баж салығын көтеруін заңсыз деп таныды

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың әлемнің көптеген елдеріне қатысты баж салығын біржақты тәртіппен енгізу арқылы федералдық заңды бұзды деген шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот баж салықтары заң аясынан асып кетті деген қортындыға келіп, бұл шешімді алты судья қолдап дауыс берсе, үшеуі қарсы шыққан.
“Президент біржақты тәртіппен мөлшері, қолданылу мерзімі мен көлемі шектелмеген тарифтер енгізуге төтенше өкілеттігі бар екенін алға тартты”, – деді Джон Робертс судьялар атынан сөйлеген сөзінде.
Алайда судьяның айтуынша, президент баж салығын енгізу үшін Конгрестің рұқсатын алуы тиіс болған. Соттың пікірінше, Трамп сүйенуге тырысқан төтенше өкілеттіктер заң талаптарына сәйкес келмейді.
Трамп Гренландия мәселесінде АҚШ-қа қарсы шыққан сегіз елге баж салығын енгізді
Дональд Трамп Жоғарғы соттың шешімін “масқара” деп атап, өзінің қосымша жоспары бар екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Трамп 2025 жылдың сәуірінде 180 мемлекет пен аумаққа қатысты сауда баж салығын енгізетінін жариялаған еді. Осы тізімде Трамп Қазақстан тауарларына баж салығын 27%-ға көтерді. Баж салығы туралы жарлық тамыз айында күшіне енді. Нақтылағаннан кейін баж мөлшері 10 пайыздан 41 пайызға дейін болып, 69 елге қатысты қолданылды.
Бұған дейін АҚШ-тың түрлі соттары Трамп ұлттық төтенше жағдайларда ғана қолданылуы тиіс заңға сүйене отырып, баж салығын енгізу арқылы өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген шешім шығарған.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген